Министр БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясына қатысты

3 Желтоқсан 2020, 19:53
1410
Бөлісу:
Министр БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой БҰҰ Бас Ассамблеясының COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимылға арналған 31-сессиясына қатысты. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі қатысушыларға бейнеөтініш форматында үндеу жасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында халықтың денсаулығын қорғау ел басшылығы ерекше назар аударатын негізгі басым бағыттың бірі екенін және дамыған мемлекеттер мен БҰҰ агенттіктерінің қолдауымен жаһандық денсаулық сақтау жүйесін құрудың маңыздылығын атап өтті. Бұл, әсіресе, бүкіл әлемге таралған пандемия жағдайында айқын көрінді, ал індетті жеңу үшін бірлесе, келісе отырып  күш біріктіру керек, - деді Цой.

Министр Қазақстан халқына COVID-19-ға қарсы күресте гуманитарлық және практикалық көмек көрсеткен барлық елге, сондай-ақ өте қиын кезеңде әдіснамалық және гуманитарлық көмек ұсынған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына  алғыс білдірді.  Алексей Цой коронавирус инфекциясымен күресте халықаралық ынтымақтастықтың, өзара іс-қимылдың және қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Пандемияның алғашқы апталарынан бастап Қазақстан Үкіметі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін және инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеуге бар күш-жігерін салды. Қазақстанда COVID-19 таралуының алдын алу және денсаулық сақтау жүйесін дайындау бойынша шаралар қабылдануда, - деді министр.

Биыл COVID-19 қарсы күреске 2 млрд астам АҚШ доллары бөлінді. Қазақстандық ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцина әзірледі, ол ДДСҰ тізіміне енгізілген және клиникалық сынақтардан сәтті өтуде.

Цой атап өткендей, COVID-19 пандемиясы халыққа  сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету бойынша жұмысты күшейту қажеттілігін айқын көрсетті.

Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-ші сессиясы аясында ДДСҰ-ға мүше 194 мемлекет МСАК бойынша Астана декларациясын ілгерілету жөніндегі МСАК операциялық тетігін іске қосуды қолдады. Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрі мемлекеттерден 2020 жылғы 14 желтоқсанда жедел механизмді ресми іске қосу жөніндегі онлайн  іс-шараға қолдау көрсетуді және қатысуды сұрады.

Алайда, COVID-19 қарсы  күрес әлі аяқталған жоқ. А. Цой бірлескен күш-жігер мен үйлестірілген шаралар арқылы пандемияның таралуын тоқтатуға болатынына сенім білдірді.


Өзгелердің жаңалығы