Министр Брекешев бизнес өкілдерімен балық шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

13 Қараша 2021, 13:25
858
Бөлісу:
Министр Брекешев бизнес өкілдерімен балық шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев балық шаруашылығына баса назар аударылатынын жеткізді. 

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 
Бүгін балық шаруашылығы саласындағы ірі бизнес өкілдерімен кездестім, - деп жазды министр твиттердегі парақшасында.

Кездесу барысында жеңілдікті салық салу, инвестициялық және шаруашылық шығындарды субсидиялау, айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген несиелендіруге қол жеткізу және технологиялық жабдық сатып алу бөлігінде мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ балық және балық өнімдері мониторингінің ақпараттық жүйесін енгізу мәселелері де ортаға салынды.

Министр бүгінгі таңда Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын, оның шеңберінде балық өсірумен айналысатын субъектілер үшін қолайлы жағдай жасау, өзекті мәселелерді шешу және заңнаманы жетілдіру бойынша жүйелі шаралар қабылданатынын атап өтті.

Кездесу соңында министр Балық шаруашылығы комитетіне бизнес субъектілері көтерген мәселелерді қарастырып, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы