Министр болашақта инвестиция салынбайтын секторларды атады

13 Қазан 2021, 18:39
1320
Бөлісу:
Министр болашақта инвестиция салынбайтын секторларды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференция барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады.

Соңғы 40 жылда инвестицияның көп көлемін талап еткен секторлар – ол электр және жылу энергиясы өндірісі. Оларға 305 млрд доллар қаржы бөлінген. Ал тасымал секторына 167 млрд доллар, тау-кен өндірісі мен өңдеу өнеркәсібіне 65 млрд доллар, ТКШ 57 млрд доллар, ауыл шаруашылығына 49 млрд доллар, сондай-ақ көміртекті тұту және сақтауға 10 млрд доллар инвестиция салынған, - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар Серікқали Брекешев болашақта инвестиция салынбайтын секторларды атады.

Инвестиция моделін бағалау бойынша көмір, мұнай және газ өндіру секторына инвестиция қысқарады. Себебі ұзақмерзімді келешекте бұл ресурстарға сұраныс төмендейді, - деп отыр ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазбалы отынды субсидиялау энергия ресурстарын ысыраптауға әкелетіндігі туралы айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы