Бас жаңалықтар
Министр бизнеске қандай көмек көрсетілетінін айтты
14 Шілде 2020, 09:54 133

Министр бизнеске қандай көмек көрсетілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында бизнесті қолдаудың тетіктері қалай жүзеге асырылатынын айтты. 

Мемлекет басшысының мемлекеттің фискалдық және экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілетін болады, - деді Дәленов.
Министр "қарапайым заттар" экономикасын тиімді ету туралы айтты. 
"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын тиімді іске асыру бойынша бизнес үшін міндеттемелерді енгізе отырып, бағдарламаның нақты индикаторлары мен стратегиялық міндеттері айқындалатын болады, - деді ол. 
Ол атап өткендей, "бизнеске арналған үкімет" сервисі іске қосылады. 
Кәсіпкерлікті дамыту бойынша ағымдағы жылғы қыркүйекте "ақылды реттеу" элементтерін ескере отырып, "Бизнеске арналған үкімет" бірыңғай сервисін толыққанды іске қосу қамтамасыз етіледі. Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау мен консультациялар алуын жеңілдету үшін бизнес үшін "Біріңғай терезенің" толық жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, - деді ол. 

Министр атағандай, мемлекеттік қолдаудан барынша нәтиже алу үшін, мемлекеттік қолдау шаралары аясында кәсіпкерлік субъектілері қабылдаған міндеттемелерді жедел мониторингілеу үшін цифрландыру құралдары белсенді пайдаланылады.

Жалпы, қаржы агенттігімен және Ұлттық банкпен бірлесіп, ағымдағы экономикалық ахуалға мониторинг жүргізу және тиісті шараларды әзірлеу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілетін болады, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...