Бас жаңалықтар
Министр бала туу мен күтіміне байланысты берілетін жәрдемақылар мөлшерін айтты
10 Маусым 2021, 14:40 1871

Министр бала туу мен күтіміне байланысты берілетін жәрдемақылар мөлшерін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халық алдында есеп беру кездесуі кезінде айтты.

Оның айтуынша, жыл басынан бері балалы отбасыларға берілетін барлық жәрдемақы бес пайызға арттырылды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік жәрдемақылардың мынадай түрлері көзделген - бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы. Өткен жылы жәрдемақының орташа мөлшері 121 348 теңгені құрап, онымен 52,3 млрд теңге сомасына 430 мыңнан астам адам қамтылды. 2021 жылы осы жәрдемақыны төлеуге шамамен 400 мың адамды қамти отырып, 51,4 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. Бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы бар. Өткен жылы сараланған мөлшерде 16 002 теңгеден 24 725 теңгеге дейінгі жәрдемақыны шамамен 121 мың адам 32 млрд теңге сомасына алды. Биыл жәрдемақымен 44 млрд теңге сомасына 145 мың адамды қамту жоспарланған, - деді ол.

Сонымен қатар «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған. Өткен жылы жәрдемақымен 49,1 млрд теңге сомасына 232,3 мың адам қамтылып, орташа мөлшері 17 780 теңгені құрады. Биыл 52,8 млрд теңге сомасына 234,7 мың адамды қамту жоспарланып отыр.

Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға келер болсақ, жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалар санына байланысты 46 760 теңгеден (4 бала) 186 688 теңгеге (16 бала) дейін сараланған. Өткен жылы жәрдемақымен 236,2 млрд теңге сомасына 392,4 мың отбасы қамтылған; 2021 жылы 282,4 млрд теңге сомасына 442 мың отбасыны қамту жоспарлануда.

Кәмелеттік жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар баланың, 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімі бойынша жәрдемақыны өткен жылы 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде 104 мың адам алды. Оның жалпы сомасы 57,6 млрд теңгегені құрады. Биыл осы жәрдемақыны төлеуге шамамен 110 мың адамды қамти отырып, 65,2 млрд теңге бөлінді, - деді ол.
Айта кетейік, халық алдында есеп беру кездесуінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Президент тапсырмасымен зейнетақы мен жәрдемақы екі рет өскенін мәлімдеді.

Фото: дереккөз
Загрузка...