Министр: Бала бақытты болса, біз де бақыттымыз.

1 Маусым 2019, 12:26
2526
Бөлісу:
Министр: Бала бақытты болса, біз де бақыттымыз.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова бас қаладағы балалар мерекесіне орай өтіп жатқан мерекелік шеруге қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Құрметті балалар, бүгін міне тағы бір оқу жылын аяқтап, жазғы демалысқа шықтық. Бүгіннен бастап еліміз бойынша мыңдаған лагерьлер сіздер үшін өзінің есігін ашады. Сондай-ақ, жаздай сіздерге арналған түрлі бағыттағы танымдық шаралар ұйымдастырылатын болады. Бүгінгі мереке бәрімізге ортақ, себебі бала қуанса, бәріміз қуанамыз. Бала бақытты болса, бізде бақыттымыз. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылатын бұл мерекелік шеруге осы үш жылдың ішінде еліміз бойынша 600 мыңнан аса жас жеткеншік қатысты», - деді министр.

Сонымен қатар, білім министрі балалардың жарқын болашағы үшін әрбір қазақстандық үлес қосу керектігін айтты. 

«Әрбір оқушының балалық шағы ерекше сәттермен есте қалуы тиіс. Бүлдіршіндеріміздің болашағының бейбіт және жарқын болуы жолында біз - қазақстандықтар, өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Оның ішінде, әрине, білім берудің алатын орны ерекше, біз бұл тұрғыда білім беру жүйесін күн санап жетілдіру бағытында жұмыс істейтін боламыз», - деді ол.  

Бұған дейін хабарлағанымыздай елордада балаларды қорғау күніне орай мерекелік шеру өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы