Министр Бақыт Сұлтанов әкімдерге қатты ашулы

4 Ақпан 2020, 09:41
2013
Бөлісу:
Министр Бақыт Сұлтанов әкімдерге қатты ашулы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін үкімет отырысында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баға мониторингі және жедел шаралар қабылдау бойынша әкімдіктердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты.

2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 10,4 пайызды құрады. Биылғы жылдың қаңтар айында біз маусымдық бағаның 0,3% пайызға өскенін байқаймыз. Бұл ретте, ол өткен жылғы қаңтарға қарағанда екі есе төмен және алдыңғы жылдардың алғашқы айларындағы бағаның өсуімен салыстырмалы. Аталған өсімдердің себептерін айтатын болсақ. Астық түсімінің төмендеуіне және экспорттың ұлғаюына байланысты объективті факторларды есепке алмағанда, олар баға мониторингі және жедел шаралар қабылдау бойынша әкімдіктердің жеткіліксіз белсенділігін көрсетеді, - Бақыт Сұлтанов. 
Оның айтуынша, былтыр барлық өңірлерде шекті бағадан асқан 67 жағдай тіркелген. 
Алайда бірде-бір әкімдік рұқсат етілген шекті бағаны бекіту рәсімдерін қолданбады. Сонымен қатар сауда нысандарына заңмен белгіленген ықпал ету шараларын қабылдаған жоқ. Қаңтар айында шекті бағадан асып түскен қайтадан 7 жағдай тіркелді. Алайда әкімдіктер тарапынан тағы да ешқандай іс-қимыл болған жоқ.Мысалы, Қостанай облысында жалпы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларының 0,7 пайызға төмендеуіне қарамастан, тауық еті және жұмыртқа бойынша бағаның бекітілген шегінен артқаны байқалады. Осыған ұқсас жағдай Алматы және Шымкент қалаларында және Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында байқалады, - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы