Министр бірқатар әскери басқарманы тексерді

13 Ақпан 2019, 20:19
1966
Бөлісу:
Министр бірқатар әскери басқарманы тексерді

Астана, BAQ.KZ7 Әскери ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы, Арнайы әскерлер бас басқармасы, Әскери өкілдіктер мен метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталықтарына тексеріспен барды. 

Тексеріс барысында Қорғаныс министрі ағымдағы қызметтің нәтижелері мен қойылған тапсырмаларды орындауға әзірлік туралы мекеме басшыларының баяндамаларын тыңдады. 

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы орталығының, Бас зымыран-артиллериялық басқармасы, арнайы байланыс абоненттік пункті мен медициналық пунктінің жұмысымен танысты. 

Тексеру қорытындысы бойынша әскери ведомство басшысы бөлімшелердің күнделікті қызметін одан әрі жетілдіру және қаржы-шаруашылық тәртіпті нығайту жөнінде нұсқаулар берді.

Өзгелердің жаңалығы