Министр 60 жастан асқандарға ревакцинация үшін Pfizer салынатынын айтты
12 Қаңтар, 10:33 392

Министр 60 жастан асқандарға ревакцинация үшін Pfizer салынатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, халықты вакцинациялау және ревакцинациялау деңгейін арттыру керек.

Халықтың осал тобын қорғау үшін ревакцинациялауға  арналған вакциналар саны көбейтілді. Тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана емес, 60 жастан асқан адамдарға ревакцинация үшін «Комирнати» (Pfizer) вакцинасы ұсынылады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі өз сөзінде.

Ведомство басшысының сөзінше, эпидахуалдың күрт нашарлауына жаңа «Омикрон» штамының пайда болуы әсер етіп отыр.

Ауру жағдайлары 2-3 күнде екі есе өседі, бұл аурудың жылдам көбеюіне әкеледі. Бұл ретте, алдын ала аралық зерттеулер ревакцинация аурудың ауыр түрлерінен, ауруханаға жатқызудан және өлімнен 70% дейін қорғайтынын көрсетті. КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты, «қызыл» аймақтағы өңірлерде ұжымдарды тарату және инфекцияның таралуын азайту бойынша қосымша профилактика шаралары Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына шығарылады, - деді Ажар Ғиният.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...