Министр 2060 жылға қарай отын-энергетика саласының ахуалы қандай болатынын айтты 

13 Қазан 2021, 18:49
2940
Бөлісу:
Министр 2060 жылға қарай отын-энергетика саласының ахуалы қандай болатынын айтты 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда айтты.

2017 жылы отын-энергетикалық себет 54% көмірден, 24% мұнай мен 22% газдан тұрды. Модельдердің есептеулері 2060 жылға қарай бастапқы отын-энергетика ресурстары құрылымындағы қазбалы энергия ресурстарының үлесі 3,4 есе қысқарып, 29%-ды құрайтынын, ал ЖЭК үлесі қазіргі 3 пайыздан 70% - ға дейін өсетінін көрсетті, - деді ол.

Ол атағандай, энергия ресурстарын түпкілікті тұтыну құрылымында өнеркәсіп пен ғимараттар тиісінше 42 және 40% - ды тұтынды, көлікке тұтынылған энергия ресурстардың 14%-ы тиесілі болды.

Есептеулер бойынша 2060 жылы өнеркәсіп секторы барлық энергия ресурстарының 65% - ын тұтынатын болады. Ғимараттарды қолдану 23%-ға дейін қысқарады, көліктің энергия тұтынуы 9% - ға дейін төмендейді.ТЭА құрылымындағы елеулі өзгерістер, олардың ерекшелігі мен әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, салалар бөлінісінде егжей-тегжейлі пысықтауды талап ететіні сөзсіз, - деді Брекешев.

Өзгелердің жаңалығы