Бас жаңалықтар
Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогінде екі күміс еншіледі
05 Қазан 2020, 09:22 194

Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогінде екі күміс еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 қазан күні спорттық гимнастикадан Венгриядағы әлем кубогінің финалдық кезеңі өтті. Ақтық сын қорытындысы бойынша Қазақстан командасы тағы екі жүлдеге қол жеткізді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Команда мүшесі Милад Карими төрт жаттығу бойынша финалға шығып, екеуінде жүлдеге ілікті. 

Атап айтар болсақ, Карими қоссырықтағы және кермедегі жаттығуда үздіктер қатарынан көрініп, екінші орынға табан тіреді.  

Ол бір күн бұрын өткен еркін жаттығуда жетінші, қол тіреп секіруден алтыншы нәтиже көрсеткен болатын.  

Айта кетелік, бұған дейін Нариман Курбанов гимнастикалық ат снарядында алтын алса, Ілияс Азизов еркін жаттығуда күміске қол жеткізді.   


Фото: дереккөз
Загрузка...