Қазақстанда құрастырылған микроавтобустар Душанбеге жеткізілді

23 Қаңтар 2019, 10:48
9468
Бөлісу:
Қазақстанда құрастырылған микроавтобустар Душанбеге жеткізілді

Астана, BAQ.KZ. Душанбеге 30 микроавтобустан құралған алғашқы тобы жетті. Көлік астанадан республикалық маңызы бар аудандар мен Хатлон облысына жолаушыларды тасымалдайды. Бұл туралы Asia Plus агенттігі хабарлады.

Душанбеге Қазақстанда құрастырылған әлемдік танымал маркалар жеткізіліп жатыр. 

«2017 жылдың сәуірінде қазақстандық Allur Group компаниясы Kazakh Export экспорттық сақтандыру компаниясы мен Тәжікстандағы Қазақстан елшілігінің өзара әрекет етуі арқылы «Азия Групп Таджикистан Холдингімен» келісімге қол қойды. Оның аясында Душанбеге Қазақстанда құрастырылған әлемдік танымал маркалар жеткізіліп жатыр. Ол Душанбенің таксомоторлық паркін жаңартуға арналған. Автобустар қазақстандық басқа Hyundai TransCom Kazakhstan компаниясымен ынтымақтастық аясында жеткізілді және астанадан республикалық маңызы бар қалалар мен аудандарға, сондай-ақ Хатлонға адам тасымалдайды», - деді «Азия Групп Таджикистан Холдинг» компаниясы директорының орынбасары Султан Камолов айтты.

 

Өзгелердің жаңалығы