Өткен жылы мигранттар шетелге 7 млрд доллар аударған

20 Қаңтар 2019, 13:49
2114
Бөлісу:
Өткен жылы мигранттар шетелге 7 млрд доллар аударған

Алматы, BAQ.KZ.  Былтыр 11 айда жеке тұлғалар елімізден шетелге 7 миллиардтай доллар аударған. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2018 жылдың 11 айында жеке тұлғалар шетелдерге 7 млрд-тай доллар аударған. Ал, келіп түсетіні 2 млрд-қа да жетпейді. Сыртқы жіберілетін ақша негізінен елімізде жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарының аударымдары.

Капиталдың көп бөлігі дәлірек айтсақ, 61,3 пайызы Ресей, Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Швейцария және Қытайға жіберілген. Егер, Швейцарияға ақша жіберушілердің 80 пайызы өздерінің есеп-шоттарына аударса, Өзбекстанға керісінше, қайтарымсыз төлемдер жасалған. 

«Қазір Қазақстанда 2 миллионнан астам еңбек мигранттары жұмыс істейді. Олардың бір миллионы бұл елде заңды түрде еңбек етіп жатса, тағы бір миллионы мұнда заңсыз жұмыс істейді», - дейді мигранттар мәселелері бойынша халықаралық ұйымның үйлестірушісі Деян Кесерович.
Өзгелердің жаңалығы