Microsoft және LinkedIn жұмыссыздарды қайта оқытпақ

1 Шілде 2020, 10:14
1039
Бөлісу:
Microsoft және LinkedIn жұмыссыздарды қайта оқытпақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқыту бағдарламасы әлемдегі барлық елдің тұрғындарына қолжетімді болады.

Microsoft және LinkedIn компаниялары бірлесе отырып, дағдарыс пен пандемияға байланысты жұмысын жоғалтқандар үшін тегін онлайн-курстарды іске қоспақ. Компания өкілдері адамдар алған білімдерінің көмегімен жаңа мамандықты игеріп, мансабын қайта бастай алатынына үміттенеді. Бұл туралы Microsoft өзінің ресми сайтында хабарлады. 

Хабарламада айтылғандай, оқыту бағдарламасы әлемдегі барлық елдің тұрғындарына қолжетімді болады. Ал тегін курстарда біліктілікті арттыруға, жаңа мамандықты игеруге мүмкіндік бар. 

Microsoft 10 білім беру блогын дайындады: әзірлеу, сату, менеджмент, IT-әкімшілендіру, коммуникация, сандық маркетинг, мәліметтерді талдау, қаржы, графикалық дизайн және клиенттерді қолдау, - деді жоба авторлары.

Оқу жоспарына ағылшын, француз, испан және неміс тілдеріндегі видеоконтент кіреді. Курстан өткеннен кейін барлық түлек LinkedIn-нің жұмыс іздеуге арналған тегін құралдарын пайдалана алады.

Өзгелердің жаңалығы