МИБ халықтың қалтасына салмақ түсіре ме? Маман жауап берді

21 Сәуір 2021, 13:18
1673
Бөлісу:
МИБ халықтың қалтасына салмақ түсіре ме? Маман жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарына көшу тәртібін түсіндіру туралы өткен брифингте айтты.

Мүлік иелерінің бірлестіктері заңды тұлға болғандықтан тұрғын үй пәтерлерінің меншік иелері жиналыста ортақ үй қажеттілігі бойынша электр, жылу, су энергиясы қайдан есептелетінін шешулері керек. Ол МИБ шығындарынан не жәй серіктестік институтынан жеке тұлға ретінде төлеуі керек. МИБ есебінен шешсе, заңды тұлғаның тарифімен төлейді. Менің ойымша, ең оңайы - әр пәтер иесінің төлемді өзінің жүргізуі,- деді Серіков.

Оның айтуынша, барлық өзекті мәселелер алдын ала жиналыста талқыланып, шешілуі тиіс.

МИБ пен табиғи монополиялар субъектісімен үйге энергия беру бойынша жеке келісімшартқа отырады. Егер ол келісімшарт болмаса, ешкім төлем жинай алмайды, - деді Серіков.

Айта кетейік, 2020 жылғы 7 қаңтарда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Заңды іске асыру мақсатында 2 қаулы және 16 нормативтік құқықтық акті қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы