Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік ғалымдар ми қартаюын тежеуге белсенді өмір салты және калорияны аз пайдалану көмектесетінін анықтады.
Иммануил Кант атындағы Балтық федералды университетінің ғалымдары ми қартаюын тежейтін әдіс тапты. Бұл туралы білім мекемесінің сайтында хабарланды.Мамандар белсенді өмір салты мен қалыпты тамақтану ми глиальды жасушаларының белсенділігіне және олардың жүйке жүйесіне жақын орналасуына әсерін зерттеді.
Ғалымдар тышқандарды үш топқа бөліп сараптама жасады. Бірінші топқа, айналмалы карусель қойып, үлкен орын берді. Екінші топ тамағының калория санын азайтты. Ал үшінші топты еш өзгеріссіз қалдырды.
Соңында белсенді қимылдаған және аз қоректенген топтардың когнитивті функциясы жақсы көрсеткішке жетсе, үшінші топ олардан әлдеқайда төмен нәтиже көрсеткен.
Содан кейін зерттеушелір белсенді өмір салты мен аз калориялы тамақтану нейродегенеративті аурулардың алдын алуға жақсы көмектесе алады деген қорытынды шығарды.