Бас жаңалықтар
"Мейірімді ауылдастар" челенджі аясында мұқтаж жандарға көмек көрсетілді
10 Сәуiр 2020, 12:44 131

"Мейірімді ауылдастар" челенджі аясында мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының кең таралуының алдын алу үшін ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, көптеген салалар мен адамдардың жүріс-тұрыстарына шектеулер қойылды.

Осыған орай, түркістандықтар облыс аумағында тұратын қарт кісілер мен тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға азық-түлік, керек-жарақтарын алып беріп, көмек қолдарын созуда. "Мейірімді ауылдастар" челленджі аясында атқарылып жатқан қайырымдылық шараларына кәсіпкерлер, еріктілермен қатар аудан, қалалардың белсенді жастары атсалысуда.

Отырар ауданының ерікті жастары жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп 5 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етіп, үй шаруаларына көмектесті. Шардара аудандық "Жастар ресурстық орталығы" қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан аумағындағы қарт кісілерге медициналық құрал-жабдықтар мен бір реттік азық-түліктер жеткізілді. Бәйдібек ауданының кәсіпкерлері елдімекендердегі әлеуметтік аз қамтылған 300 отбасыға 17,5 тонна ұн мен 1.75 тонна күріш, 1.75 тонна өсімдік майын таратуда.
Қиын кезеңде біз сияқты қариялар мен мұқтаж отбасыларға қол ұшын созу - азаматтық іс. Бұл - бірліктің айқын көрінісі, - деген Қазығұрт ауданының ақсақалы Алиев Сатыбалды қайырымды жандарға алғысын білдірді.

Бұл челлендж облыстың барлық аудан, қалаларында жалғасын тауып, халықтың қиын кезеңнен аман-есен өтуіне оң ықпалын тигізуде.




Фото: дереккөз
Загрузка...