Мейірім Нұрсұлтанов тағы бір жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

25 Наурыз 2019, 11:27
2978
Бөлісу:
Мейірім Нұрсұлтанов тағы бір жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Нұрсұлтанов 79-72 есебімен жеңіске жетті. Бұл жөнінде Vesti.kz порталы хабарлады. 

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтан кәсіпқой шаршы алаңда 11-ші кездесуінде жеңіске жетті. 

25 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы Пуэрто-Рико елінің өкілі 32 жастағы Луис Эрнандес болды. Орта салмақта өткен сегіз раундтық кездесу АҚШ-тың Калифорния штатындағы Голивуд қаласындағы Hollywood Fight Nights шоуы аясында ұйымдастырылды. Кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Нұрсұлтанов 79-72 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Нұрсұлтанов спорттық мансабында 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті және оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтады. Эрнандес болса, сегізінші рет жеңіліп отыр. Бұрындары ол 16 қарсыласын тізе бүктірген.

Өзгелердің жаңалығы