Маған "местный" коронавирус жұқты – Айдын Рахымбаев

30 Маусым 2020, 18:45
1463
Бөлісу:
Маған "местный" коронавирус жұқты – Айдын Рахымбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BI-Group басшысы Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы "құрылыс магнаты" өз парақшасында жазды.

Әйтеуір ол маған да келіп жетті. Өзімді жақсы сезінемін. Сары уайымға салынудың қажеті жоқ. Осы елде басталған пандемияның үш ай кезінде бірнеше рет жұқтырмауға тырысып бақтым. Бірақ болмады. Барлық сақтық шараcын сақтадым. Қоғамдық орындарға барған жоқпын. Жеке кездесулерден де бас тарттым. Үнемі бетперде киіп, гигиена мән бердім, - дейді Айдын Рахымбаев. 

Оның айтуынша, бір жақсысы отбасында өзге ешкімде вирус анықталмаған.

Мұның бәрі жүргізілген дезинфекцияның нәтижесі және ішінара оқшаулануым деп санаймын. Тіпті, әйелім жұмыстағы қауіп-қатерге байланысты бөлек ұйықтады. Бәлкім, анамның күнделікті адsраспан аластауы көмектескен шығар, - дейді BI-Group басшысы. 

Сөз соңында ол қазақстандықтарды аса сақ болуға, бірақ әлсіздік танытып, бой алдырмауға шақырды.

 Депрессия жоқ, тек позитив. Иммунитетті көтеруге аурумен күресуге деген құлшыныс көмектеседі. Мықты болуыңыз керек, әйтпесе не керегі бар?  
Айтпақшы, ұят болады деп ауруды жасыру дұрыс емес, бұл басқаларға қауіп төндіреді, - деп қорытындылады сөзін Айдын Рахымбаев.

Өзгелердің жаңалығы