Бас жаңалықтар
Месси 12 ойыннан шеттетілуі мүмкін
19 Қаңтар 2021, 09:30 190

Месси 12 ойыннан шеттетілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Испания суперкубогінің финалында алған қызыл қағазы үшін 12 ойыннан шеттетілуі мүмкін. Бұл туралы AS хабарлады. 

Суперкуботің финалында "Барселона" Бильбаоның "Атлетик" командасынан 2:3 есебімен ұтылып қалды. Ойынның соңында Месси Асьер Вильялибренің басынан ұрғаны үшін бірден қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бұл Месси үшін "Барселона" сапында өткізген 753 ойындағы бірінші қызыл қағазы болды. 

Дереккөздің айтуынша, тәртіпті бақылау комитеті Мессиді осы қылығы үшін үш ойынға дейін шеттетуі мүмкін екен. Ал егер шабуылшы қарсыластың басынан әдейі ұрғаны анықталатын болса, "Барселона" капитаны алдағы 12 ойыннан шеттетілетін болады. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...