Мешіттерге деген ықыласым ерекше – жас суретші

25 Қараша 2021, 17:49
1650
Бөлісу:
Мешіттерге деген ықыласым ерекше – жас суретші
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев «Қазақстандықтардың көзімен Түркия» атты сурет көрмесінде туындыларын көпшілікке ұсынған өнерпаздарды құттықтады. 

Мешіттерге деген ықыласым ерекше – жас суретші

Түркия елшілігіне екі ел арасындағы қарым-қатынас үшін алғысын жеткізіп, мемлекетаралық байланысты күшейте түсу керек екенін айтты.

Мешіттерге деген ықыласым ерекше – жас суретші

Біріншіден, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған уақытта ең алғашқылардың бірі болып Алматыда елшілік ашқан елдердің бірі – Түркия. Екіншіден, жуырда ғана мемлекет басшысы түркі әлемі елдерінің басшыларымен бас қосты. Ол жерде басты айтылған дүние – рухани, мәдени, экономикалық жағынан мемлекетаралық байланысымызды күшейте түсу. Еліміздің елдігін сақтау, одан әрі күшейту, тәуелсіздігімізді баянды ету және мәңгілік ел жасау – жастардың қолында. Түркі әлемінің арасындағы байланыс, түркі әлемінің бірігуі дегенді кейбір жастар біз бір мемлекет боламыз деп қате түсінеді. Қазақстан, Түркия да, әрқайсысы дербес мемлекет екенін түсінуіміз керек. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында 10 млн-ға жуық жас өрен дүниеге келген, олардың арасында біз де бармыз. Дербес, өз тілі бар, төл рәміздері бар мемлекетте өмір сүру – жастарға беріген үлкен бақ. Енді біз оған жауапкершілікпен қарауымыз қажет деп есептеймін, -  деді Мәжіліс депутаты. 

Мешіттерге деген ықыласым ерекше – жас суретші

Юнус Эмре атындағы  түрік мәдени орталығының  ұйымдастыруымен өткен шараға қатысушы Нелли Үркенова - аталған орталықтың оқушысы. 

Мешіттерге деген ықыласым ерекше – жас суретші

Өнерпаз сурет көрмесіне қатысу арқылы Түркия елінің ұлылығын көпшілікке көрсеткісі келетінін айтты.

Мешіттерге деген ықыласым ерекше – жас суретші

Мешіттерге деген ықыласым ерекше – жас суретші

Суретшінің шығармалары – оның ішкі ойының айнасы. Мен жалпы адамдармен әлемге деген көзқарасымды бөліскенді ұнатамын. Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы арманымды жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік берді. Мешіттерге деген ықыласым ерекше, ал Түркиядағы мешіттер өте әдемі. Сондықтан картиналарымның көпшілігі мешіт тақырыбына арналған. Түркия – сан ғасырлық мәдениеті, дана дәстүрлері, дәмді және алуан түрлі тәттілерімен танылған ұлы ел. Көрме арқылы осы елдің ұлылығын адамдар көбірек сезінсе екен деймін. Көрмеге  «Күннің батуы», «Оралғың келетін қала», «Үйдегі жайлылық пен жылулық», «Стамбұл - іздегенің табылатын қала»  және т.б  картиналарыммен қатысып отырмын, - деді жас суретші.

Мешіттерге деген ықыласым ерекше – жас суретші

Мешіттерге деген ықыласым ерекше – жас суретші

Өзгелердің жаңалығы