Мешіттен садақа жәшігі ұрланды

8 Қараша 2019, 14:12
2432
Бөлісу:
Мешіттен садақа жәшігі ұрланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қандыағаш қаласындағы "Нұртай" мешітінен садақа жәшігі ұрланды, деп хабарлады Aktobenews.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.


Оқиға қазан айында болған. Мешітте әйелдер мен балаларға көмек көрсетуге арналған қайырымдылық жәшігі қолды болды. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында жергілікті тұрғынды ұстады.
Қазіргі уақытта "Ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мешітке келушілердің айтуы бойынша, күдікті деструктивті "салафиттік" діни ағым жақтаушысы, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы