Бас жаңалықтар
Мешіттегі атыс құрбандарының саны артты
15 Наурыз 2019, 10:34 1121

Мешіттегі атыс құрбандарының саны артты

Астана, BAQ.KZ. Қылмыскерлер Жаңа Зеландиядағы екі мешіттің келушілеріне оқ атты. Қазіргі уақытта атыс салдарынан кемінде 27 адамның көз жұмғаны расталып отыр. Бұл жөнінде Otago Daily Times хабарлады. 

Ал жарақат алғандардың саны 30-дан асып кеткен. 

Қылмыскерлердің бірі өз әрекетін интернет арқылы тікелей көрсетіп отырған. Ол Австралияның тым оңшыл көзқарасты ұстанған азаматы екені анықталды. New Zealand Herald анықтағандай, жаппай атыс ұйымдастырудан бір күн бұрын ол 37 беттен тұратын манифест жариялап, онда өз әрекетін теракт деп атап көрсеткен. 

Қазіргі уақытта белгілі болып отырғаны, еік ер адам Крайстчерч қаласы мен Линвуд қала маңындағы елді мекеніндегі мешіттерге күндізгі намаздан кейін ондағы келушілерге оқ атқан. 

Сонымен қатар, аурухана маңындағы атқыш пен автомобильге орналастырылған жарылғыш зат туралы хабарланды. 

Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн бұл оқиғаларды ел тарихындағы ең қаралы күндер деп атады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қылмыскерлер Жаңа Зеландиядағы екі мешіттің келушілеріне оқ атқаны туралы жазған болатынбыз.

Сізден жаңалық