Бас жаңалықтар
Мешіт маңынан табылған мұра
18 Қаңтар 2019, 19:24 1377

Мешіт маңынан табылған мұра

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінде бір ғасыр бұрынғы күрек сақтаулы тұр.


Фото: автор

Қазалы қаласында тарихи ғимараттар көп. Солардың бірі – Нұралы мешіті. Оны1915 жылы Мүрәлiм Меркемалов деген саудагер салдырған екен. Алайда, Кеңес Одағы тұсында әскери казармаға, кейін емханаға, дәріханаға, клубқа айналған. Тәуелсіздік жарияланған 1991 жылы мешiт болып есігін қайта айқара ашады.

Осы мешітте қызмет ететін молда Барахат Жапақұлы екі жыл бұрын тарихи ғимараттың аумағынан 20 ғасырдың басында жасалған темір күрек тауып алады.

«Мешіттің ауласын аракідік тазалайтынбыз. Қоқыс жинап, жер аударатынбыз. Сондай бір күні бір метрдей тереңдіктен күрек тауып алдым. Темірден құйылған. Бірақ әбден тот басқан екен. Осы мешітті салған құрылысшылардың құралы сияқты», - дейді Б.Жапақұлы.

Ол мешіт маңынан табылған мұраны Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейіне өткізеді.

«Бұл жәдігер бойынша тарихшы ғалымдар өз пайымдарын айтты. Олар күрек бір ғасыр уақыт бұрын жасалған деп отыр. Бір қызығы, күректің еш жерінде бекітпелер жоқ. Шебер ұстаның қолынан шыққан құрал», - дейді музейдің қор сақтаушысы Әлібек Сералы.

Ибраш Әли

 


Загрузка...