Мерзімі өткен өнімдер бойынша тұтынушы құқын қорғау комитетіне жүгінуге болады

20 Ақпан 2020, 22:12
1660
Бөлісу:
Мерзімі өткен өнімдер бойынша тұтынушы құқын қорғау комитетіне жүгінуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (ТҚҚК) жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерін дүкендерінде сату фактілері анықталған және табылған жағдайда ТҚҚК-ге жүгінуге болатынын айтты.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ретінде ТҚҚК мүдделі органдармен бірлесіп, нормаларға сәйкес келмейтін өнімді өткізетін кәсіпкерлерді заңнамада көзделген әкімшілік жауапкершілікке тарту және алып қою жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

Сіз, Нұр-Сұлтан қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылы 8 мекенжайына ТҚҚК-ға жазбаша өтініш бере аласыз. Сондай-ақ электрондық өтінішті egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жіберуге болады, - делінген  таратылған ақпаратта. 

Өзгелердің жаңалығы