Бас жаңалықтар
Мерзімді әскери қызметке шақыруды жаңартылған форматта жүргізу жоспарлануда
10 Қыркүйек 2020, 15:20 197

Мерзімді әскери қызметке шақыруды жаңартылған форматта жүргізу жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында күзгі әскери шақыру науқаны туралы өткен онлайн брифинг барысында ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов айтты.

Мерзімді әскери қызмет өткеру әрбір азаматтың міндеті болып, қолға қару ұстау, әскери техника жүргізу дағдысын меңгертіп қана қоймайды, ол алдағы уақытта әлеуметтік саты рөлін атқарады. Әскери қызмет - ол біздің мемлекетіміздің ұлттық егемендігін сақтауға негіз болатынын сезіну маңызды. Ал, жастарды тәрбиелеу және оларды Отан қорғауға дайындау тек мемлекеттің ғана емес, ең алдымен, тұтас қоғамның маңызды міндеті. Алдағы уақытта азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жаңартылған форматта жүргізу жоспарлануда. Ол кері байланысты көздейді. Өйткені, әскерге шақырылушылар, олардың ата-аналары, журналистер, қоғамдық өкілдер қажетті ақпарат және сұрақтарға жауап алу үшін хабарласа алады. Ол үшін Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде электронды пошта мен ресми аккаунттар ашылды, - деді ол.

Бұған дейін Сәкен Жүсіпов қыркүйек-желтоқсан аралығында 17 мыңнан астам ер-азамат әскерге шақырылғалы отырғанын мәлімдеген еді.


Фото: дереккөз
Загрузка...