Меркель пандемияның «ең ауыр айлары» әлі алда екендігі туралы айтты

9 Қаңтар 2021, 07:38
1394
Бөлісу:
Меркель пандемияның «ең ауыр айлары» әлі алда екендігі туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия канцлері Ангела Меркель пандемия тағы кем дегенде бірнеше айға созылатынын айтып, коронавирус вакцинасын «үміт оты» деді, деп жазды  Deutsche Welle басылымы.

Әрине, пандемияның ең қиын айлары – бұл менің ойымша, болжамды болуы мүмкін – әлі алда, – деді Меркель Берлиндегі Бундестагта сөйлеген сөзінде.

Канцлер қазірдің өзінде пайда болған коронавирустық вакцинаның арқасында қиын кезең «үміт отымен бірге жүретінін» атап өтті. Пандемиядан кейін барлық азаматтарға бірдей өмір сүру жағдайларын жасау «өте қиын міндет» болады және осыған байланысты қоғамдағы бөлінудің алдын алу маңызды болатындығын ескертті.
 
Германияда, Роберт Кох институтының мәліметтері бойынша, өткен тәулікте (7 қаңтарда) коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың 31 849 жағдайы тіркелді, COVID-19 диагнозы расталған 1188 науқас қайтыс болды.
Эпидемия басталғаннан бері елде 1 866 887 инфекция тіркеліп, 38 795 өлім тіркелді. 1,4 миллионнан астам адам сауығып кетті.

Қараша айында Германияда қатаң локдаунты  енгізілді. 5 қаңтарда Германияның федералды штаттары мен үкіметі өкілдерінің кездесуінде шектеулерді ұзарту және күшейту туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, жеті күнде 100 мың адамға шаққандағы 200-ден астам жаңа инфекциялық жағдай анықталатын қалаларда тұрғындарға үйлерінен себепсіз 15 шақырымнан артық кетуге тыйым салынады. Сонымен қатар, азық-түлік емес дүкендер, шаштараздар, спорт, ойын-сауық және басқа мекемелер жабық күйінде қалады, мектептер қашықтықтан оқытуға көшті, балабақшалар жұмыс істемейді.
Өзгелердің жаңалығы