Меркельдің ізін жалғастыратын адам тағайындалды

16 Қаңтар 2021, 17:43
1488
Бөлісу:
Меркельдің ізін жалғастыратын адам тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда «Христиандық-демократиялық одақ» билеуші партиясының жаңа лидері таңдалды.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Христиандық-демократиялық одақ» партиясының жаңа төрағасы болып Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жерінің Премьер-министрі Армин Лашет тағайындалды, - делінген хабарламада.

2020 жылдың 31 желтоқсанында Германия канцлері Ангела Меркель жаңа жылдық үндеуінде алдағы сайлауда өз кандидатурасын ұсынбайтынын жеткізген болатын. Ол 15 жыл канцлер қызметі кезеңіндегі ең қиын жыл - 2020 жыл болғанын атап өтті. Оған себеп коронавирус пандемиясы. 


Өзгелердің жаңалығы