Мереке қарсаңында қосымша пойыздар жүреді

13 Наурыз 2019, 10:04
2852
Бөлісу:
Мереке қарсаңында қосымша пойыздар жүреді

Астана, BAQ.KZ. Наурыз мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша біржолғы пойыздарды іске қосады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы хабарлады.

«Компания әр уақытта пойыздардың жолаушылармен толуын қадағалап, арнайы сараптама жүрігізіп отырады. Осы сараптаманың негізінде жолаушылар тарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін қосымша вагондар мен пойыздар іске қосылады. Наурыз мерекесіне орай 220 қосымша вагон тіркеледі» - делінген хабарламада.

Осыған орай алдағы мереке қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы вагон паркін 100 пайыз пайдалануды көздеп отыр.

Қосымша пойыз төмендегі бағыттар бойынша жүреді:

- №202/201 Астана-1-Павлодар, Астана-1-ден (ескі вокзал) 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;

- №204/203 Астана-1-Алматы-1, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1-ден 21, 25 наурыз күндері;

- №205/206 Алматы-2-Арыс-1, Алматы-2-ден 21 наурыз күні, ал Арыс-1-ден 23 наурыз күні;

- №241/242 Қызылорда-Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді.

Ал жалпы мейрам күндері қосымша 18 мың жолаушы тасымалданады деп болжанады.

Сонымен катар қала маңы тасымалы бойынша 3 қосыша пойыз іске қосылады:

- № 7510 Астана-Павлодар бағыты бойынша, Астана-1-ден 19, 20, 21, 25 наурыз күндері;

- № 7502 Астана-Павлодар бағыты бойынша, Астана-1-ден 25 наурыз күні;

- № 7509 Павлодар-Астана бағыты бойынша, Павлодар қаласынан 20 наурыз күні жөнелтіледі.
Өзгелердің жаңалығы