Мереке күні бас қалада суық ауа райы сақталады

30 Сәуір 2019, 17:55
1904
Бөлісу:
Мереке күні бас қалада суық ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең елордада тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты. 

Синоптиктердің мәліметтері ббойынша мамырда қалада күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 7-12, күндіз 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде -5…-7°С, күндіз +4…+6°С шамасында. 

«2 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде 0…-2°С, күндіз +8…+10°С көрсетеді», - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Синоптиктердің болжауынша, 3 мамырда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -0…-2°С, күндіз +13…+15°С құрайды.

Өзгелердің жаңалығы