Мереке кезінде Алматыда 14 өрт оқиғасы тіркелді

3 Қаңтар 2019, 17:35
1767
Бөлісу:
Мереке кезінде Алматыда 14 өрт оқиғасы тіркелді

Астана, baq.kz. Алматы облысында жаңа жылды мерекелеу кезінде 14 өрт оқиғасы тіркеді. 2018 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан 4 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД Халыққа ақпарат беру және оқыту тобы мәлімдеді.

Сонымен 2019 жаңа жылды қарсы алғаннан кейін, Текелі қаласында 12 сағат 15 минутта Жеңіс көшесінде және 12 сағат 20 минутта Қарасай ауданы Қаскелен қаласының «Асыл арман» шағын ауданында 12 сағат 20 минутта фейерверктің балконға ұшып барып түсуінен жалпы аумағы 2 шаршы метрді құрайтын балконның және балкондағы киімнің жануы орын алды.

12 сағат 40 минутта Жамбыл ауданы Қасымбек ауылында және 01 сағат 10 минутта Райымбек ауданы Көмірші ауылында жеке тұрғын үйлердің аумағында 4,5 тонна және 15 тонна шөптің жануы болды. Жоғарыда аталған жанулар аталған аудандардың өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының күшімен сөндірілді. Қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы