Мереке күндері күшейтілген қауіпсіздік шаралары жүргізіледі

7 Мамыр 2019, 11:06
2955
Бөлісу:
Мереке күндері күшейтілген қауіпсіздік шаралары жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы мерекелерге байланысты Ішкі істер министрлігі күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

6 -12 мамыр аралығында ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нысанына ауыстырылды.  

"Көшелер мен қоғамдық орындарда жасақтардың тығыздығы арттырылды. Бұл ретте мерекелік іс-шаралар өткізілетін және азаматтардың жаппай қыдыратын жерлеріне ерекше назар аударылды. Еліміздің қалаларында "Мәңгілік Даңқ - Бессмертный полк" шеруінің өткізілуіне байланысты полиция қызметкерлері осы іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдатын болады", - делінген таратылған ақпаратта.

Апатты және кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында ІІМ жол қозғалысына қатысушылардан шеру кезінде өздерінің бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды. 

"Сонымен бірге қоғамдық тәртіпті бұзудың барлық фактілері, сондай-ақ өткізіліп жатқан мәдени-бұқаралық іс-шараларды бұзуға, іс-шараға қатысушыларға кедергі келтіруге бағытталған әрекеттер бойынша полиция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  жедел ықпал ету шараларын қабылдайтын болады", - делінген хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы