Бас жаңалықтар
Мереке күндері «Астана LRT» кассалары қалай жұмыс істейді
06 Наурыз 2019, 10:01 119

Мереке күндері «Астана LRT» кассалары қалай жұмыс істейді

Астана, BAQ.KZ. Тасымалдаушы компанияда мамандандырылған кассалардың жұмыс кестесінің 8 және 22 Наурызда қалай өзгеретіні белгілі болды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

8, 9, 10, 21-25 наурыз ресми демалыс күндері болады.

«Сіздерге қолайлы болу үшін, сонымен қатар көптеген өтініштер бойынша Қошқарбаев 50/1 көшесіндегі орталық кассаның жұмыс кестесі өзгереді. 9 наурызда касса сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін толық жұмыс күнін атқарады, ал 21 наурызда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді», - делінген хабарламада.

Сәйкесінше, 8, 10, 22-25 наурыз – демалыс күндері, сондықтан бұл күндері орталық мамандандырылған касса жұмыс істемейді.

Мамандандырылған өзге кассалар әдеттегідей жұмыс істейді. Көлік картасына теңгерімді қолма-қол толықтыру пункттерінде де толтыруға болады, ол жерлер мереке және демалыс күндері өздерінің әдеттегі кестесі бойынша жұмыс істейді.


Сізден жаңалық