Мэр лауазымына сайлана салысымен ажал құшты

2 Қаңтар 2019, 12:09
3450
Бөлісу:
Мэр лауазымына сайлана салысымен ажал құшты

Алматы, baq.kz. Мексиканың Оахака Алехандро Апарисио штатындағы Эройка-Сьюдад-де-Тлахьяко қаласының мэрін жол бойында белгісіз адамдар атып кеткен. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

«Алдын ала тараған мәлімет бойынша қайғылы оқиға 1 қаңтар күні таңертең болған. А.А. қала мэрі болып сайланысымен мэрия жиналысына бет алған, жол бойында оған белгісіз адамдар шабуыл жасап, оқ атқан», - делінген аталған штаттың бас прокуратурасы таратқан хабарламада.

Жарақат алған жаңа мэр дереу аруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер оның өмірін сақатап қала алмаған.
Сондай-ақ, жарақат алған тағы 4 адам ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген. Зардап шекккендердің біреуі өте ауыр халде жатқандығы хабарланған.
Адам өлтіру ісі бойынша тергеу басталған. Қазіргі уақытта күдіктілердің біреуі қолға түскен.
Өзгелердің жаңалығы