Меншік құқығы туралы ақпаратты жария ету ұсынылды – вице-министр

23 Қаңтар 2020, 12:39
1695
Бөлісу:
Меншік құқығы туралы ақпаратты жария ету ұсынылды – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы өтті.

Заң жобасы 39 нормативтік-құқықтық актіге 197 түзетуді енгізуді көздейді. Олар Doing Business рейтингісінің 8 индикаторын және бәсекелестікке кедергі келтіретін кедергілерді алып тастау және монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыру жөніндегі нормаларды қамтиды, - деді заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев.

Оның айтуынша, заң жобасы Doing Business рейтингісі бойынша 17 реформаны қарыстырып отыр. Мысалы, 8-пакет аясында жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы туралы ақпаратты көпшілікке жария ету сияқты реформалар көзделеді. 

Бұл реформа жүзеге асатын болса, біздің азаматтар жылжымайтын мүлікті сатып алғанға дейін мүлікке қатысты құқық ауыртпалығының бар-жоғын біле алады, яғни оларда жылжымайтын мүліктің аресті, кепілдігі туралы ақпарат болады, - деді вице-министр. 

Осыған қоса бұл реформаны іске асыру азаматтарға жылжымайтын мүлікті сатып алғанға дейін меншік құқығы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде құқықтық кадастрда жеке тұлғаларға қатысты ақпарат жеке деректерге жататынын (яғни құпия) ескере отырып, біз жариялылықты заңды тұлғалардан бастауды ұсынамыз. Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес, меншік құқығы туралы ақпарат ашық болуы тиіс. Алайда бұл реформа біздің елде 5 жыл бойы талқылануда. Сондықтан бірінші қадамды заңды тұлғалардан бастауды жөн көрдік, - деді Жаслан Мәдиев.

Өзгелердің жаңалығы