Бас жаңалықтар
Мэнни Пакьяо Райан Гарсиямен жекпе-жек өткізе ме
26 Қаңтар 2021, 06:31 165

Мэнни Пакьяо Райан Гарсиямен жекпе-жек өткізе ме

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық боксшы Райан Гарсия (21-0 18) атақты Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

Гарсия жекпе-жекке арналған постердің суретін жариялап, оған:

Армандар орындалады. Мен Мэнни Пакьяомен шаршы алаңды бөлісу құрметіне ие болдым. Рингте де, ринг сыртында да оны құрметтеймін, – деп жазды Райан Гарсия.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек туралы өзге ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Гарсия соңғы жекпе-жегін 3 қаңтарда Далласта өткізді. Онда ол Люк Кэмпбеллді нокаутпен жеңіп, жеңіл салмақтағы WBC титулына қол жеткізді. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...