«Менің Қазақстаным» халықаралық музыка челленджі аяқталды

15 Қазан 2020, 20:38
2254
Бөлісу:
«Менің Қазақстаным» халықаралық музыка челленджі аяқталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» халықаралық музыка челленджі аяқталды. 

Ән марафоны атақты композитор, ән өнерінің әйгілі майталманы, қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі, ҚР Әнұраны әуенінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналды.

Қазақ əн өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова бастаған халықаралық музыка челленджіне əлемнің 30-дан астам мемлекетінен 1000-нан астам азамат қатысты. Жалпы «Менің Қазақстаным» эстафетасы 300 мыңнан астам көрерменді қамтыды. 

Ақтоты Райымқұлова «Менің Қазақстаным» челленджіне атсалысқан ҚР-ның Сыртқы істер министрлігіне, алыс-жақын шет елдердегі қандастарымызға, еліміздегі барлық концерт ұйымы мен жеке орындаушыға алғыс айтып, «Арыс жағасында» əнін тарту етті. Сонымен қатар барлық қатысушы онлайн форматта қосылып, Қазақстан Республикасының əнұранын орындады. 


Өзгелердің жаңалығы