«Мен туымды мақтан етемін». Флешмоб жалғасып жатыр

23 Қазан 2020, 18:03
4734
Бөлісу:
«Мен туымды мақтан етемін». Флешмоб жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел тұрғындары #Ментуымдымақтанетемін флешмобын әлеуметтік желіде жүзеге асырып жатыр. Тек Instagram желісінде осы хештегпен 3 мыңнан аса пост жарияланды. 

Instagram парақшасында жарияланған Көк тудың суреті 3 мыңнан асып кетті. Акцияға танымал актерлер мен әншілер, билік өкілдері және спортшылар, әр саланың қызметкерлері қатысып жатыр. 

Өз парақшасында «Музарт» тобының мүшесі, әнші Сәкен Майғазиев «Енді-енді еңсе тіктеп, ел атанып жатқанда жарамайды қол сындырған! Байлап қой ту орнына мені апарып, Байраққа бақыр басым болсын құрбан» деген өлең шумақтарын қалдырған. 

«Мен туымды мақтан етемін». Флешмоб жалғасып жатыр

Ал «көк Тудың желбірегені» әнінің авторы Ескендір Ибрагимов Ту туралы жан тебірентерлік видео салып, «Айбынымызды қорлауға жол бермейміз» деп жазған.

Айта кетейік, қазақстандықтар бүгін #Ментуымдымақтанетемін хештегімен мемлекеттік ту аясындағы суреттерімен әсерлі жазба жариялауды бастады. Facebook қолданушылары да бұл акциядан шет қалған жоқ.



Өзгелердің жаңалығы