Мен бірден сездім: Деревянченко Головкинмен жекпе-жегі жайлы айтты

19 Қараша 2019, 09:55
6614
Бөлісу:
Мен бірден сездім: Деревянченко Головкинмен жекпе-жегі жайлы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) VideoBoxing-ге берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегінде қабағы жарылған сәт туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Мен бірден сездім. Қателеспесем, екінші раунд болатын, мен еңкейіп жатқанмын, ол мені апперкотпен ұстап алды. Мен оның сүйегіне дейін сездім, менің қасыма тиген, бірден қан кетті. Кейін ол көзіме қарай ақты, оның қапталдан жасаған соққылары мен сол қолымен тіке джебтерін көруге кедергі жасады. Ол қаншалықты әсер етті? Сен шектеліп, қарсыластың соққыларын көрмейсің. Қанды қолыммен сүртіп жатқанда, Головкин секілді қарсылас оны байқап, бірден жақындап алады да, соққы жасайды - комбинациялар, тікелей және қапталдан соққылар, оны кейде көрмей қаламын. Қарсыластың қабағы солай жарылса, мен де ауыратын жерінен ұратын едім (күліп). Сәт сайын емес, бірақ көбіне сол жерден ұруға тырысар едім, - деді Деревянченко.  

Головкин мен Деревянченко 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасқан. Боксшылар орта салмақта IBF және IBO титулдарын сарапқа салған еді. 12 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті бірауыздан Головкинге берген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы