Мен барлық жинаған білім мен тәжірибемді қолданамын – Нығматулин

15 Қаңтар 2021, 12:57
1234
Бөлісу:
Мен барлық жинаған білім мен тәжірибемді қолданамын – Нығматулин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Мәжіліс төрағасы болып Нұрлан Нығматулин сайланды. Сайланған Мәжіліс төрағасы өз лебізін білдірді. 

Ең алдымен мені тағы да осы жоғарғы лауазымды қызметке Мәжіліс төрағасы ретінде сайлағаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіме жүктеген міндеттерін жоғары деңгейде орындау үшін және сіздер мен барлық сайлаушылардың сенімін ақтау үшін мен барлық жинаған білім мен тәжірибемді жұмсаймын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы