Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың тиімділігі неде?

1 Қазан 2020, 13:02
1581
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың тиімділігі неде?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың тиімділігі» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағымкүл Күптілеуова айтып берді.

Департамент Электрондық үкімет порталы мен Мемлекеттік корпорация арқылы білім беру қызметімен айналысуға лицензия және білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды рәсімдеу қызметтерін көрсетеді. Қызметтерді автоматтандыру тек қана мемлекеттік мекеме үшін ғана емес, халық үшін де өте тиімді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың сервистік моделін енгізу мен реттеу, олардың қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметтер тиісті стандарттар мен регламентке сәйкес жүзеге асырылады, - деді департамент басшысы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекет көрсететін қызметті электрондық нысанда көрсету Электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асады.

Көрсетілген қызметті алушы орналасқан жеріне қарамастан интернетке кіру мүмкіндігі бар болса, Электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады. Мемлекеттік қызметті көрсету талаптары мен тәртібі қағидалар мен стандарттарға сәйкес орындалады. Сонымен қатар, лицензия беру тәртібі үнемі жаңартылып отырады, - деп атап өтті Бағымкүл Күптілеуова.

Оның айтуынша, осы жылы білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру талаптары мен оларды растайтын құжаттар тізіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.


Өзгелердің жаңалығы