Мемлекеттік қызметте кәсіби, тәжірибелі мамандар қалуы керек – Айгүл Байханова

7 Қазан 2020, 13:04
1997
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметте кәсіби, тәжірибелі мамандар қалуы керек – Айгүл Байханова

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, мемлекеттік аппараттағы қызметкерлерді қысқартуды тапсырған болатын. 

Қазіргі таңда Қарағанды облысындағы мемлекеттік қызметкерлердің жалпы саны 6 851 адамды құрайды. Бұл облыс халқының 0,5 және экономикалық белсенді халықтың 0,7 пайызы. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сай облыстық мемлекеттік қызметкерлер штаты 10 пайызға, ал келер жылы 15%-ға қысқарады деп жоспарлануда. 

Мeмлекeттік қызмeт істeрi жәнe сыбайлаc жемқoрлыққа қарcы іc-қимыл агенттiгi Қaрағaнды oблыcы бoйынша дeпартaментiнің басшысы Айгүл Байханова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтқандай мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту аталған салада кәсіби, білікті, тәжірибелі әрі бастамашыл мамандардың қалуына әкеледі деп санайды. 

2020 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша, облыстағы мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орындары 9,2 пайызды, яғни 625 орынды құрады. Биыл қысқарту осы бос жұмыс орындарының есебінен жүргізілетін болады деп ойлаймыз. Келер жылы 171 мемқызметкер зейнетке шығады, бұл штаттың 2,5%-ы. Нақты қандай лауазымдардың қысқартуға ұшырайтынын әрбір мемлекеттік орган жеке шешетін болады. Мемлекеттік қызметте кәсіби, тәжірибелі және қажетті қызметкерлер қалуы керек, - дейді департамент басшысы Айгүл Байханова. 
Оның айтуынша, Еңбек кодексінің талаптары бойынша қысқартуға жүкті әйелдер, үш жасқа толмаған баласы бар әйелдер, 14 жасқа толмаған немесе 18 жасқа толмаған мүгедек баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әйелдер, сонымен қатар, аталған категориядағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған азаматтар және зейнеттік демалысқа шығуына 2 жыл қалған қызметкерлер қысқартуға ұшырамайды. 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі жайлы» заңына сәйкес мемлекеттік қызметте үш жылдан астам еңбек өтілі бар мемқызметкер қысқартуға ұшыраған жағдайда оған төрт айлық лауазымдық еңбекақы көлемінде өтемақы төленеді. Агенттік пен оның аумақтық департаменттерінде заң талаптарының орындалуы бақыланатын болады,- дейді департамент басшысы. 
2020 жылдың 1-жартыжылдығында облыстың мемлекеттік қызмет жүйесінен 136 адам кеткен. Ал ішкі конкурстарға қатысқан мемқызметкерлердің 67%-ы мансаптық өсуге қол жеткізді. Айта кету керек, конкурстардың барлығы сыртқы бақылаушылардың қатысуымен жүзеге асады. ҚР-ның 18 жасқа толған кез келген азаматы бақылаушы бола алады. Конкурс барысы сұхбаттасу, аудио немесе бейнежазбаға жазылуы керек, сондай-ақ, конкурстың әрбір қатысушысы өзінің қатысқандығы жайлы жазба жасай алады. 
Мемқызмет сұрақтары бойынша жыл басынан бері 45 тексеріс жүргізіліп, 224 құқық бұзушылық анықталған. Тексеріс қорытындысы бойынша, 18 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке, 6 мемқызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бюджет кірісіне 114 мың теңге айыппұл салынып, ол толығымен өтелді,- деп атап өтті Айгүл Байханова. 
Еліміздегі төтенше жағдай мен карантин кезінде халықтан 159 өтініш түсіп, олардың 65 %-ның құқықтары қалпына келтірілген. Жалпы өткен 9 айда 668 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Олардың 48%-ы басшылық құрамның қызметкерлері. 

Үстіміздегі жылдың өткен мерзімінде этика бойынша Кеңестің 7 отырысы өтіп, онда 20 мәселе қаралды. Оның 9-ы тәртіптік іс болса, 11 мәселе профилактикалық түрде болды. Этика бойынша Кеңесте 62 ұсыныс жасалып, оның 52-сі орындалды. Кеңесте қаралған тәртіптік істер бойынша кейспен кітапша жасалып, тәжірибелік материал ретінде меморгандар мен мемлекеттік басқару Академиясына жіберілді,- дейді Айгүл Байханова.


Өзгелердің жаңалығы