Мыңға жуық мемлекеттік қызмет үйде көрсетілді

3 Шілде 2020, 13:41
2200
Бөлісу:
Мыңға жуық мемлекеттік қызмет үйде көрсетілді

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайлықтар жарты жыл ішінде мыңға тарта мемлекеттік қызметті үйде отырып алған. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Қанат Төлепұлы айтты.

Осы жылдың алты айында мемлекеттік корпорацияның Қостанай облысы бойынша филиалы мамандары үйлерге 907 мәрте шығып, түрлі санаттағы мемлекеттік қызметтерді көрсеткен. Үйде көрсетілген қызметтер саны – 995.

Мұндай мүмкіндікті бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жасы 70-тен асқан қарт адамдар, Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүмкіндігі шектеулі балалар пайдалана алады. Яғни, Халыққа қызмет көрсету орталығына өз бетінше келе алмайтын азаматтар. Ең танымал қызмет түрі – азаматтарды құжаттандыру, сондай-ақ, электронды цифрлық қолтаңбаны рәсімдеу. Бұдан басқа, мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу сияқты қызметтер көбірек көрсетілген, - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Қанат Төлепұлы.

Пандемия жағдайында мемлекеттік корпорация мамандары барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қызмет көрсеткен. Олар маскалар мен антисептиктермен жабдықталған.

ХҚКО мамандары есту және сөйлеу қабілетінен айырылған адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін ымдау тілі тілін үйренген. Ал корпорация ғимаратына өздері келетін мүгедектерге арнайы терезе жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы