Бас жаңалықтар
Мемлекеттік сыйлық туралы Жарлыққа өзгерістер енгізілді
24 Наурыз 2020, 18:45 748

Мемлекеттік сыйлық туралы Жарлыққа өзгерістер енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" ҚР президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы";

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы және Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын.

Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;

3) Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;

4) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;

5) Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасы бекітілсін.";

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

1-тарауда:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"1-тарау. Жалпы ережелер";

4-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

"Жұмыс органы Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға сарапшылық-талдамалық бағалау жүргізу үшін ғылым бағыттары бойынша секциялар құрады. Секциялардың құрамы 9 адамнан аспайтын мүшелердің тақ санынан тұруы тиіс. Секция құрамына ғалымдар мен сарапшыларды іріктеу сараланған тізім негізінде жүргізіледі.";

мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

"Секция құрамына сайланатын ғалымдар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары болуы және олардың:

1) секция бағыты бойынша кемінде 10 (он) жыл ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі;

2) кандидатура ұсынылған күнге Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларына сәйкес кемінде 3 (үш) Хирш индексі;

3) Web of Science базасының 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші) квартиліне кіретін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар басылымдарда соңғы 5 (бес) жыл ішінде кемінде 2 (екі) мақаласы болуы тиіс.

Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғалымдарға Хирш индексінің болуы туралы талап қолданылмайды. Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғалымдарға қатысты 4-тармақтың 3) тармақшасында белгіленген талаптың орнына кандидатура ұсынылған күнге соңғы 5 (бес) жыл ішінде Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларында индекстелетін басылымдарда кемінде 3 (үш) жарияланымның болуы ескеріледі.

Секциялардың құрамына экономикалық сараптама жүргізу үшін бір сарапшы қосылады.";

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"2-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі";

9-тармақта:

үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

"Комиссия мүшелері үштен аспайтын жұмыс бойынша Мемлекеттік сыйлық беру туралы оң шешім қабылдайды.

Егер жасырын дауыс берудің қорытындылары бойынша үштен артық жұмыс отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері дауысы санының кемінде 50%-ін жинаса, онда мемлекеттік сыйлықтар ең көп дауыс санын алған үш жұмысқа беріледі";

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

тақырыбында және мәтінде "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "Абай атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

1-тарауда:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"1-тарау. Жалпы ережелер";

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

"1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады және Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі – Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады.";

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

"3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады.";

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"2-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі";

8-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: 

"Комиссияның отырыстары олардың мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болып табылады. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.";

9-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: 

"9. Комиссияның шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен:

1) алдын ала іріктеу кезінде ашық дауыс берумен;

2) түпкілікті іріктеу кезінде жасырын дауыс берумен қабылданады.";

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

"10. Мемлекеттік сыйлық алуға Комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда, олар Комиссияның жұмысына қатыспайды.";



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...