Мемлекеттік сатып алу жүйесі жетілдірілетін болады

19 Ақпан 2021, 11:49
1547
Бөлісу:
Мемлекеттік сатып алу жүйесі жетілдірілетін болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің алқа отырысында министр Ерұлан Жамаубаев айтып берді.

Оның айтуынша, Парламент Мәжілісінің бірінші оқылымында Президенттің тапсырмасы бойынша жасалған мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы мақұлданды.  

Заң жобасы аясында бір жерден сатып алудың жолына тосқауыл қойылып, тауарларға бәсекелестік жағдайда бір күнде қол жеткізуге мүмкіндік беретін Электрондық дүкен ашу көзделген. Сонымен қатар байқау процедураларын 5 жұмыс күніне дейін қысқарту мүмкіндігі де қарастырылған, - деді ол. 

Осының бәрі орталықтандырылған сатып алуды қамтамасыз етеді. Заң жобасы бойынша жұмыс депутаттармен бірге қаралатын болады.  

Сонымен қатар «Квазимемлекеттік сектордың бөлек субъектілерінің сатып алуы туралы», соның ішінде «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуына  қатысты заң жобасы да назарға ұсынылады. Жобаның негізгі бағыты  - аталмыш сектордың сатып алуын жеңілдету, бақылау мен шараларды қайта қарау тәртібін енгізу, кәсіпкерлерге ашық әрі адал бәсекелестік орта қалыптасыру, сатып алу келісшарттарының орындалуын қадағалау, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы