Мемлекеттік сатып алу саласында 100 млн теңгеден астам қаржы үнемделді

30 Шілде 2020, 14:37
1248
Бөлісу:
Мемлекеттік сатып алу саласында 100 млн теңгеден астам қаржы үнемделді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Мемлекеттік сатып алу  саласында 100 млн теңгеден астам қаражат үнемделді. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Мұрат Төлеубаев айтты.

Оның айтуынша, жұмыстың негізгі бағыты - қоғамда парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін қалыптастыру.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар жұмысының "сервистік" моделін енгізу бойынша жоба жұмыс істеуде. Бұл жоба азаматтарға бір жерде жедел және кедергісіз қызмет көрсетуді білдіреді. Қазіргі таңда осы форматта облыстың 17 өңірінің әкімдіктері жұмыс істейді. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда 67 Ореn space және front office ашылды, - деді ол. 

"Бизнес пен инвестицияларды қорғау" жобасы аясында департамент құны 1,2 трлн теңгеден астам 59 инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдейді.

Биылғы жарты жылда облыстың 7 мемлекеттік мекемесі мен ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерді жою бойынша 23 ұсыныс енгізілді, оның ішінде 6 нормативтік-құқықтық актілер және 17 ұйымдастыру-басқару қызметі мәселелері бойынша.

Есепті кезеңде 9 сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді және тақырыптық мониторинг жүргізілді. Айта кету керек, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылған 9 лауазымды тұлға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша жұмыстан шығарылды.

Департамент жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу мониторингі шеңберінде "Сатып алудың бірыңғай терезесі" жүйесі арқылы ағымдағы жылдың басынан бастап 100 млн теңгеден астам қаражат үнемделді.

Сондай-ақ департамент жұртшылықтың өкілдерімен бірлесіп, шетелден келіп түсетін Соvid-19-бен күресу үшін гуманитарлық көмекті сүйемелдеу және бөлу бойынша бақылау жүргізеді. 

Одан басқа, дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында департамент уәкілетті органдармен және жұртшылықпен бірлесіп, облыстың 284 дәріханасы қамтылған дәріханаларға мониторинг жүргізуде. Дәрі-дәрмектің бағасын көтерудің 27 фактісі анықталды. Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша 9 әкімшілік хаттама толтырылды.

Өзгелердің жаңалығы