Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы
PHOTO
3 Мамыр, 01:33 469

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Геральдикалық зерттеулер орталығының бастамасымен Мәдениет және спорт министрілігінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ мен ҚР Ұлттық Ұланымен бірлесіп, Рәміздердің 30 жылдығы, Ұлттық Ұланның 30-жылдығы қарсаңында ҚР Елтаңбасының авторы, профессор, сәулетші Жандарбек Мәлібековпен кездесу өткізді.

Кездесуге ІІМ-нің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Ботақанов Еркін Советбекұлы, «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры Асылбек Байжұмаұлы, Назарбаев Университеті, қазақ тілі және түркітану департаментінің ассистент профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ағабекова Жазира Ағабекқызы және Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы қатысты.

Спикерлер сарбаздарға әлемдік геральдиканың ерекшеліктері мен тарихи таңбалардың ұлттық санаға байланысы, мемлекеттік рәміздерді қолдану барысы мен әлемдік рәміздерге қатысты деректерден баяндамалар жасады.

Шара соңында Еркін Советбекұлы орталық директоры А.Баяжуманы, профессор Ж.Ағабекқызынна алғысын білдіріп, «Ұлттық ұланға 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.


Фото: дереккөз
Загрузка...