Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында салық және кеден заңнамасына өзгерістер енгізілді.
Осы өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсету мерзімдері қысқарды:
˗ салықтық өтініш бойынша салық декларациясын кері қайтару - салықтық өтініш берілген күннен бастап 1 жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 5 жұмыс күні);
˗ салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру - бір жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 3 жұмыс күні);
- әділет органдарының талабы бойынша қарыздың болмауы (болуы) туралы ақпарат - үш жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 5 жұмыс күні);
- салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды, кедендік баждарды, кедендік алымдарды, пайыздарды есепке алу/қайтаруды жүзеге асыру - 5 жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 10 жұмыс күні).