Мемлекеттік кірістер басқармасына кезекті онлайн брондауға болады

20 Қазан 2021, 16:27
861
Бөлісу:
Мемлекеттік кірістер басқармасына кезекті онлайн брондауға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер басқармасында бару қажет болса, оны алдын-ала жоспарлап, электронды кезекті онлайн брондауға болады. Кезекте тұрмай, өз уақытыңызды үнемдейсіз. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Онлайн брондауды 2 әдіспен жасауға болады. Бірінші әдіс. Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz ресми сайты арқылы.

Сайтта бастапқы парақшасында «Электронды сервистер» батырмасына өтіп, «Кезекті онлайн брондау» батырмасын таңдау қажет. Одан әрі қарай ЖСН/БСН енгізіп, аймақты таңдап, қызмет түрі мен келу күнін және уақытын таңдап, электронды пошта мекен-жайын көрсету керек. Онан соң көрсетілген электронды поштаға хабарлама түрінде электронды кезек коды келіп түседі.

Екінші әдіс. «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы.

Ол үшін жеке тұлға мобильді қосымшаны ұялы телефонына жүктеу қажет (Play Market, App Store арқылы жүктеуге болады). Орнатылғаннан кейін жеке телефон нөмірі арқылы тіркелу қажет. Сонан соң «Электронды сервистер» батырмасына өтіп, «Кезекті онлайн брондау» батырмасын таңдау қажет. Содан кейін ЖСН енгізіп, аймақты таңдап, қызмет түрі мен келу күнін және уақытын таңдап, электронды пошта мекен-жайын көрсету керек. Онан соң көрсетілген электронды поштаға хабарлама түрінде электронды кезек коды келіп түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Өзгелердің жаңалығы