Бас жаңалықтар
Көшербаев Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды
26 Қараша 2020, 19:00 170

Көшербаев Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына еліміздің қазіргі өзекті даму мәселелеріне байланысты дәріс оқыды. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік хатшы өз дәрісінде  тәуелсіздікті нығайту жолдары, Елбасының көшбасшылық феномені туралы кеңінен баяндады.

Қырымбек Көшербаев әлемдік экономиканың қазіргі ахуалы, мемлекеттік басқарудың жаңғыру жолдары және дүниежүзілік  пандемияның сабақтары жайындағы ойларымен бөлісті. Дәріс соңында тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...